«Қазақта аурудың ғана хәлін сұрайды»: Айнұр Жүгінісова төркінімен жиі сөйлесетін келіндерді сынға алды
Ол жиі ата-анасымен байланыс орнату келіннің отбасылық қатынастарына кері әсер етуі мүмкін екенін атап өтті
Белгілі актриса Айнұр Жүгінісова қазақ қоғамындағы келіннің жаңа отбасына сіңісуі туралы өз пікірін білдіріп, төркінімен жиі байланысатын қыз балаларды сынға алды. Актриса бұл мәселеге отбасындағы ажырасулардың бір себебі ретінде қарайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айнұр Жүгінісова «Мамский әңгіме» бағдарламасына берген сұхбатында қыз баланың жаңа отбасыға бейімделуі үшін белгілі бір тәртіптің болуы маңызды екенін атап өтті. Ол жиі ата-анасымен байланыс орнату келіннің отбасылық қатынастарына кері әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.
«Қазір ажырасудың бәрі неден болып жатыр? Бүгін түседі де, ертең «дочка как ты?» деп звондап тұрады. Бұл дұрыс емес. Сен қызыңды бердің ғой. Өз үйін таптың деп қуанып отырсың. Қазақта аурудың ғана хәлін сұрайды. Кеткен адамның қалын сұрамайды», – деді Айнұр Жүгінісова.