07.12.2024, 08:38
Қоғам
БҚО-да колледж студенттері бопсалау күдігімен ұсталды
Күдіктілер төменгі курс студенттерінен күш көрсету және қорқыту арқылы ақша талап еткен
БҚО ПД
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері колледждердің бірінің екі студентін бопсалау дерегі бойынша ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу мәліметінше, күдіктілер төменгі курс студенттерінен күш көрсету және қорқыту арқылы ақша талап еткен.
«Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қылмыстың барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шараларын жүргізуде. Кінәлілер анықталған жағдайда заң аясында жауапқа тартылады.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты