29.11.2024, 17:21
Қоғам
Олигарх Аблазимовтың туған ағасы Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы қызметінен кетті
Облыстың бас полицейі зейнетке шыққан
Фото: Қызылорда облысы ПД ресми сайты
Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы генерал-майор Махсұдхан Аблазимов қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты Azattyq Rýhy тілшісіне облыстық ПД баспасөз қызметі растады.
Махсұдхан Аблазимов зейнет жасына толуына байланысты жылы орнын босатқан. Ол 16 ақпан күні 63 жасқа толады.
Аблазимов Қызылорда облысының полициясын 2023 жылғы мамырдан бері басқарған. Осы қызметке дейін Ақтөбе облысы ішкі істер департаментінің бастығы, Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы қызметтерін атқарған.
Айта кетері, Махсұдхан Аблазимов – Қазақстанның бай адамдарының бірі саналатын олигарх Бахаридин Аблазимовтың туған ағасы.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)