$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.11.2024, 15:38
Қоғам

Көкшетауда суицид жасаған әйелдің өлімі оның күйеуінің 7 жылғы қылмысын ашты

Қылмыстық іс сотқа жолданған

Көкшетауда суицид жасаған әйелдің өлімі оның күйеуінің 7 жылғы қылмысын ашты
Фото: istockphoto.com

Көкшетау қаласының полициясы өз-өзіне қол жұмсаған жас қыздың өлімін тергеуді тоқтатып тастаған. Алайда бұл іске қалалық прокуратура араласып, қылмыстық іс қайта жалғасты. Тергеу барысында марқұмның өліміне кінәлі күдікті анықталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жас қыздың асылып қалу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу Ақмола облысы полиция департаментінің тәжірибелі қызметкеріне жүктелген. Істі қайта тергеу барысында қайғылы оқиғаға себеп болған мән-жайлар анықталды.

«Красный Яр ауылының тұрғыны өзінің азаматтық некедегі әйелін 7 жыл бойы ұрып-соғып, қорлаған, басқа да зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Осының бәрі әйелді суицидке баруға итермелеген», - деп мәлімдеді Ақмола облысының прокуратурасы.

Ауыл тұрғынының үстінен Қылмыстық кодекстің 105-бабы 2-бөлімі 1-тармағы (өзі-өзі өлтіруге дейін жеткізу) және 110-бабы 2-бөлімі 1-тармағы (жүйелі қинау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бірінші бап бойынша күдікті 5 жылға дейін, ал екінші бап бойынша 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қылмыстық іс Көкшетау қалалық сотына жіберілген.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Көкшетау #тергеу