Сұлтанғазиев уәдесін орындамады – Шерзат Болаттың отбасына әлі күнге дейін үй берілмеген
Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов әкімдіктен ешқандай көмек болмағанын растады
Шерзат Болаттың отбасы тұратын үй өртеніп кеткеннен соң, Алматы облысының әкімдігі оларды уақытша баспанамен қамтамасыз етуге уәде беріп, үйін жөндеуге көмектесетін болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Адвокат Саида Таукелева Airan YouTube арнасына берген сұхбатында Шерзаттың отбасы әке-шешесімен бірге тұрып жатқанын айтты.
«Өкінішке қарай, бүгінге дейін көпбалалы отбасыға үй берілген жоқ. Олар әлі күнге дейін әке-шешесінің үйінде тұрып жатыр. Әкімдіктің не ойлап отырғаны бізге белгісіз», - деді ол.
Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов әкімдіктен ешқандай көмек берілмегенін растады.
Естеріңізге салайық, 4 қазан күні Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Көп ұзамай марқұмның отбасы тұратын үй өртеніп кетті. Құқық қорғау органдары бөтеннің мүлкін қасақана өртеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Бастапқыда бұл іске байланысты жеті адам қамауға алынды. Кейін 15 қазанда күдіктілер саны онға жетсе, 17 қазанда тағы бір күдікті қамауға алынған еді.
Айта кетейік, қазір Алматы облысының әкімі - Марат Сұлтанғазиев.