$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

МӘМС-те өзгеріс: енді кімдер дәрі-дәрмек ала алмайды?

Биыл Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен оның өңірлік филиалдарының тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілген

МӘМС-те өзгеріс: енді кімдер дәрі-дәрмек ала алмайды?
Фото: freepik.com

Шетелге тұрақты тұруға көшіп кеткендер МӘМС арқылы дәрі-дәрмек ресімдей алмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жоғары аудиторлық палатаның хабарлауынша, биыл жазда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен оның өңірлік филиалдарының тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілген.

Қазіргі уақытта «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесі шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтарды медициналық мекемелерден есептен шығару үшін «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан тікелей мәлімет алады.

Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде биыл 24 қазаннан бастап осындай мәртебесі бар пациенттерге рецепт беру тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#дәрігер #МӘМС