29.10.2024, 16:52
Қоғам
«Ырымшыл, тыйымшыл болыппын»: Жұлдыз Әбдікәрімова нағашы әжесі жайлы айтты
Ол дәл әжесіндей дұға жасайтынын айтты
Фото: https: zhuldyzabdukarimovaofficial/?hl=en
Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Түркістан облысындағы түп нағашыларының ауылы Қаражонға балаларын ертіп апарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол өз балаларын кішкентай кезінде баққан әжесінің бейітінің басына барды.
«Алауыма қырық күн қарап, бесікке салып, ақылын айтқан әжеміз. Талай даналық көрдім өзінен. Бұл кісінің жанында өткен әр күн, әр сәт өмірлік сабақ еді. Әр істің алдында айтатын сөздері, жасайтын әрекеті, оқитын дұғасы сол кездері қызық көрінетін. Қазір өзім дәл солай жасайтын болыппын. Ырымшыл, тыйымшыл болыппын. Бәлкім, өз қыздарым бой жете бастағаннан болар?!» - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы