СҚО-да балалардың уланып қайтыс болуына байланысты медбикеге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Бастапқыда олардың тұшпарадан уланғаны туралы нұсқа болған, бірақ ол расталмады
Солтүстік Қазақстан облысында санитарлық ережелердің бұзылуына байланысты қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Алайда, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген медициналық қызметкердің өз міндетін тиісінше орындамауы бойынша жаңа тергеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Петропавловск.news-ке сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, 2024 жылдың маусым айында Надежка ауылында 3 және 7 жастағы екі бала қайтыс болды,
«Бұған дейін «Санитарлық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзу, адамдардың жаппай улануына және екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген абайсыздық» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Аталған іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Осы қылмыстық істен бөлек материалдар шығарылып, ҚР ҚК 317-бабының 4-бөлігі «Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы, абайсыздықтан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелуі» бойынша алдын ала тергеу басталды. Тергеу жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
14 маусым күні 28 жастағы ана мен оның балалары ауыр жағдайда бірінші қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілді. 2014 жылы туған ұлы облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Емделгеннен кейін жағдайлары жақсарып, үйлеріне шығарылды. Ал үш жасар ұл бала мен жеті жасар қыз бала қайтыс болды. Бастапқыда олардың тұшпарадан уланғаны туралы нұсқа болған, бірақ ол расталмады.