Ауылдағы әлеуметтік әділдік: СҚО-да 5 мың маманның құқықтары қорғалды

Azattyq Rýhy

Прокурорлық қадағалау актісінен кейін мәслихаттардың шешімдерінде тиісті өзгерістер енгізіліп, 115,1 млн теңге бюджеттен бөлінді

Ауылдағы әлеуметтік әділдік: СҚО-да 5 мың маманның құқықтары қорғалды
Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысында ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларының мамандарының құқықтары өрескел бұзылып, әлеуметтік қолдау шараларының жетіспеушілігі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Ғабит Мүсірепов, Қызылжар, Мамлют, Шал ақын және Тайынша аудандарында 5 мыңнан астам маманға коммуналдық қызметтер мен отын сатып алуға арналған әлеуметтік көмек төленбеген. Бұл жағдай «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заң талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болды.

«Прокурорлық қадағалау актісінен кейін мәслихаттардың шешімдерінде тиісті өзгерістер енгізіліп, 115,1 млн теңге бюджеттен бөлінді. Қазіргі таңда мамандарға 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек төленіп жатыр. Ауылдық жерлерде қызмет атқаратын мамандардың құқықтары осылайша қорғалды. Әлеуметтік құқықтарды қорғау мәселесі облыс прокуратурасының бақылауында қала бермек», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.