22.10.2024, 21:42
Қоғам
Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті азаматтарды онлайн қабылдауды іске қосты
Жүйе өтінішіңіздің мекенжайға жетуіне 100% кепілдік береді
Фото: istockphoto.com
ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті азаматтармен жедел өзара іс-қимыл жасауға арналған онлайн қабылдау бөлімін іске қосты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа сервис бейіндік мәселелерді талқылау және туындайтын проблемаларды шешу үшін Комитетпен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Өтініш беру жолдары:
- Электронды өтініш. Жүйе өтінішіңіздің мекенжайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
- Қабылдауға жазылу. Ыңғайлы онлайн жазылу бөлімі өтініш берушіге арналған қадамдық нұсқаулықты ұсынып, Комитет басшылығымен кездесуді рәсімдеу үдерісін жеңілдетеді.
Онлайн қабылдау азаматтардың өтінішімен жұмыс істеу барысында ашықтық пен жеделдікті арттыруға, сондай-ақ ойын бизнесі мен лотерея қызметі саласындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды