22.10.2024, 09:56
Қоғам
Талғардың изоляторынан қашып кеткен күдікті әлі табылған жоқ - полиция
Ол адам зорлады деген күдікпен ұсталған болатын
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Зорлық жасады деген күдікпен Талғардың уақытша ұстау изоляторына қамалған К.есімді азамат кеше кешқұрым қамау мекемесінен қашып кеткен болатын. Бүгін полиция оның әлі табылмай жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Осыған байланысты «Сирена» жоспары енді. Негізгі жолдарға блок-бекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды.Сонымен қатар, қашу жағдайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды», - деп хабарлайді облыстық полиция департаменті.
Облыстық полиция департаментінің басшылығы жағдайды бақылауда ұстап отырғаны хабарланған.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
