$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Блогер баса-көктеп кірді»: Түркістанның шенеуніктері шіріген тамаққа қатысты түсініктеме берді (ВИДЕО)

Видеодағы азық-түлік қоқысқа кететін тамақ дейді білім басқармасы

«Блогер баса-көктеп кірді»: Түркістанның шенеуніктері шіріген тамаққа қатысты түсініктеме берді (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-интернатында балалар бүлінген азық-түлік пен жеміс-жидек жейтіні туралы ақпарат тараған еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеоны түсірген блогер интернаттағы тамақты, атап айтқанда, шіріген алма, сасып кеткен жұмыртқаны видеоға түсіріп, көпшілікке көрсеткен. 

«Мыналарды оқушыларға қалай бересіздер? Жеміс-жидек шіріген. Барлығы ескі. Жұмыртқа да иістеніп кеткен», - дейді ол.

Бұл мәселе бойынша редакция Түркістан облысының білім басқармасына сұрау жолдады. Олардың айтуынша, видеодағы азық-түлік қоқысқа лақтыру үшін сұрыпталған тамақ болған.

«Асханаға қатысты мәселені Түркістан облысы білім басқармасы шұғыл бақылауға алды. Мәселе анықталды. Әлеуметтік желіде таралған ақпараттың шындыққа жанастпайтынын мәлімдейміз. Видеодағы жемістерді қызметкерлер алдын ала сұрыптап, қоқысқа тастау үшін жинап қойған. Блогер беймезгіл, жұмыстан тыс уақытта білім ордасына баса- көктеп кіріп, видеоға түсіре бастаған», - деп хабарлайды білім басқармасы.

Сондай-ақ басқарма мектеп асханасындағы оқушыларға берілетін тамақ сапасы бойынша балалар мен ата-ана тарапынан ешқандай шағым түспегенін хабарлады.

«Заң аясында жалған ақпаратты тарату бойынша шектеу бар екенін ескертеміз», - делінген хабарламада.

Редакция видеоны түсірген адаммен хабарласып, оның қолындағы мәліметті ұсынуға тырысады. 

Серіктес жаңалықтары