Республика күніне орай қосымша пойыздар жолға шығады
Пойыздарда купе және плацкарт вагондары да болады
Қазақстанда 25 қазан – Республика күніне орай өңірлерге қосымша пойыздар қатынайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ұлттық тасымалдаушы Республика күні мерекесіне орай жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша пойыздарды жолға шығарады», - деп мәлімдеді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Пойыздар мына бағыттар бойынша қатынайды:
- «Ақтөбе-Шалқар» бағыты бойынша №630/629 пойызы 22 қазаннан бастап күнара;
- «Астана-Шымкент» бағыты бойынша №204 пойызы 21 қазаннан бастап күн сайын;
- «Шымкент-Алматы» бағыты бойынша №216 пойызы 22 қазаннан бастап күн сайын;
- «Алматы-Астана» бағыты бойынша №201 пойызы 23 қазаннан бастап күнде жүреді.
Пойыз құрамында купе және плацкарт вагондары да болады.
Сондай-ақ, 25 және 27 қазан күндері «Қарағанды-Астана» бағытындағы электр пойызы Бурабай курорты станциясына дейін барады.
№7553/6811/6812/7556 «Қарағанды-Астана-Бурабай курорты» электр пойызы:
- Астанадан сағат 10:40-та жөнелтіліп, Бурабайға сағат 13:15-те жетеді;
- Бурабайдан сағат 14:10-да шығып, Астанаға сағат 17:00-де келеді.
Бұдан бөлек, 25, 26 және 27 қазанда «Ерейментау-Астана-Көкшетау» бағытындағы №6831/6829/6830/6832 электр пойызына қосымша вагондар қосылады.