$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.10.2024, 20:43
Қоғам

«Әйелді бала туу үшін алмайды»: әнші Тоқтар Серіков ер азаматтарға әйелдерді құрметтеу керектігін еске салды

Жұлдызды жұп отбасылық сырларымен бөлісті

«Әйелді бала туу үшін алмайды»: әнші Тоқтар Серіков ер азаматтарға әйелдерді құрметтеу керектігін еске салды
Фото: Instagram.com/toktar.serikov

Отандық жұлдызды жұп Тоқтар Серіков пен Бейбіт Седуәлиева 7 арнадаға «Сырласу» бағдарламасына сұхбат беріп, отбасылық өмірлеріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сұхбат барысында әнші Тоқтар Серіков ер азамат тарапынан әйелге деген құрметтің қандай болу керектігін айтып, өз ұстанымын жеткізді. Сондай-ақ ол жары Бейбітсіз тіпті қара шайдың да батпайтынын атап өтті.

«Маған шайды Бейбіт құйып бермесе, батпайды. Өзінің әйеліне еркелей білетін еркектер, ол меніңше әбестік емес, тіпті әлсіздік те емес. Ер жігіт мықтылығын, тектілігін көрсеткісі келсе, басқа жерде көрсетсін. Ел үшін, жұрт үшін көрсетсін. «Әйелдің алдында мен мықтымын» деу бос әңгіме. Әйелді бала туу үшін алмайды, болмаса бір рахатқа бату үшін алмайды. Әйел деген ер азаматтың елу пайыз жартысы ғой былай айтқанда», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары