$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.10.2024, 15:40
Қоғам

Онлайн кредит 5 минутта мақұлданбауы мүмкін: жаңа шектеу ұсынылды

Елімізде онлайн несиелеуге әзірге тыйым салынбайды

Онлайн кредит 5 минутта мақұлданбауы мүмкін: жаңа шектеу ұсынылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова алаяқтыққа тосқауыл қою үшін онлайн кредит рәсімдеу кезінде банктерді қосымша тексеріс жүргізуге міндеттеу ұсынылып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әбілқасымованың айтуынша, кредитті электронды түрде алуға тыйым салу халықтың шамадан тыс қарызға бату проблемасын шешпейді. Себебі адамдар онлайн ала алмаған несиесін банкке де барып рәсімдейді.

«Электронды түрде алуға тыйым салсаңыз, азаматтар бәрібір де банкке барып, кредит алуға мүмкіндігі бар. Сол себепті онлайн кредитке тыйым салу халықтың қарызға шамадан тыс батуы мәселесін толығымен шешпейді», - деп санайды агенттік төрағасы.

Дегенмен алаяқтарға тосқауыл қою үшін агенттік банктерді онлайн кредит рәсімдеу барысында қарыз алушыны қосымша тексеруге міндеттемек.

«Тәуекелі жоғары операциялар анықталса, мысалы әлеуметтік осал санатқа кіретін азаматтар, зейнеткер несие алса, банктер қосымша тексеріс жүргізуге міндетті болады. Бұл несиені бірден мақұлдауға жол бермейді, яғни бес минут ішінде 5 млн теңге кредит ала алмайсыз», - деді Әбілқасымова.

Агенттік Ресейдің тәжірибесін зерделеген.

«Егер операция күмәнді көрінсе, банктер кредит беруді тоқтата тұрады. Біз ресейлік тәжірибені зерттедік: онлайн несиені бірден мақұлдамай, кредит сомасына байланысты 3 сағаттан 2 тәулікке дейін уақыт өтуі керек», - дейді ол.

Айтуынша, қазір бұл ұсыныс банктермен талқыланып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Кредит #онлайн