13.10.2024, 17:40
Қоғам
Буынсыз адам атанған Айдос Тоқтарбай өмірден озды
Қайлығы хабарды актер Рахман Омар жеткізді.
Видеодан скриншот
Халық арасына “буынсыз адам” деп танылған цирк әртісі Айдос Тоқтарбай қайтыс болды. Бұл хабарды актер Рахман Омар жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Айдос Тоқтарбай бауырымыз мезгілсіз өмірден өтті. Цирк өнерінің шебері»,— деп жазды Рахман Омар Instagram парақшасында.
Цирк әртісі кейінгі уақытта сахнаға шықпай кеткен. Айдос Тоқтарбай телебағдарламалардың біріне берген сұхбатында аяғы мен белінен жарақат алғанын айтқан. Сол себепті өнерден біраз уақыт қол үзген.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді