Республика күнінде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Биыл Республика күні жұмаға сәйкес келеді.
Биыл қазан айында қазақстандықтар 9 күн демалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Биыл Республика күні жұмаға сәйкес келеді.
Сондықтан бес күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады:
25 қазан, жұма – Республика күні;
26 қазан, сенбі – әдеттегі демалыс;
27 қазан, жексенбі – әдеттегі демалыс.
Ал, жалпы ел тұрғындары қазан айында 9 күн демалады.
Алда келе жатқан атаулы күндер тізімі келесідей:
16 қазан – Нан күні;
19 қазан – Құтқарушылар күні;
20 қазан (қазан айының үшінші жексенбісі) – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні;
24 қазан – Кітапханашылар күні;
27 қазан (қазанның соңғы жексенбісі) – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні;
29 қазан – Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні;