$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.10.2024, 17:58
Қоғам

«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы Ақмола облысының ауылдарына барды

Облыс тұрғындары халықты мазалайтын проблемаларды қозғаған

«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы Ақмола облысының ауылдарына барды
Фото: партияның баспасөз қызметі

Осы аптада «AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы Ақмола облысы Сандықтау ауданы Каменка және Балкашино ауылдарында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Партиялықтар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және мәслихат депутаттары тұрғындардың өзекті мәселелерінтыңдады.

Балкашино ауылында азаматтар әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға, тұрғын үй салуға, мәдениет үйін жөндеуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытуға кредит алуға қатысты мәселелермен жүгінді. Жергілікті тұрғын Александр Коноваленко аудандық ауруханадағы жедел жәрдем паркінің жағдайына алаңдаушылық білдірді.

«Бізде жаңа жедел жәрдем көліктеріне шұғыл қажеттілік бар. Оларсыз, әсіресе шалғай ауылдарда уақтылы медициналық көмек көрсету қиын. Бұл мәселе жақын арада шешіледі деп үміттенемін», - деді ол.

«AMANAT» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің бас консультанты Марат Смағұлов автопаркті жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқанына сендірді.

«Біз аудандарды заманауи медициналық көлікпен қамтамасыз ету мәселесінің маңыздылығын түсінеміз. Облыстық бюджеттің қолдауының арқасында аудандық аурухана жақын арада екі жаңа жедел жәрдем көлігін алады. Қосымша қаржыландыру және медициналық қызметтерді жақсарту үшін мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты жалғастырамыз», - деді ол.

Ал Каменка ауылында талқыланатын тақырыптардың бірі Сарқырама өзенінің арнасын тазарту қажеттілігі болды. Жергілікті тұрғын Ахмед Омаров су тасқыны қаупі туралы алаңдаушылық білдірді.

«Су тасқынынан кейін біздің өзен ауыл үшін нағыз проблемаға айналды. Жаңа су тасқынының алдын алу және үйлерімізді қорғау үшін арнаны тазалау қажет», - деді ол.

Жауап ретінде «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ақманат Әлімбетова осы мәселені шешу бойынша ағымдағы іс-қимылдар туралы хабарлады.

«Сарқырама өзенін тазарту жұмыстары басталып, бүгінгі таңда 100 метрден астам арна тазартылды. Бұл жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам, жұмыстар келесі жылы да жалғасады», - деп атап өтті ол.

Ақманат Әлімбетова Каменка ауылындағы дәрігерлік амбулатория мәселесі оң шешіліп жатқанын айтты. Осылайша, демеушілік қаражат есебінен жобалық-сметалық құжаттама дайындалды және қазір мемлекеттік сараптама кезегінде тұр.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар өздерін мазалаған мәселелері бойынша «AMANAT» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласа алады:

1. Сall-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);

2. WhatsАpp: 8 700 800 4441;

3. E-mail: komek@amanatpartiasy.kz.

Қабылдауға жазылу қабылдау өткізілетін күнге дейінгі кемінде 3 күнтізбелік күн бұрын жүзеге асырылады.

Серіктес жаңалықтары