$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.05.2020, 13:27
Қоғам

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «5-10-20» пилоттық жобасын іске қосады

Банк «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағытын әзірлеуді бастап кетті

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «5-10-20» пилоттық жобасын іске қосады
Фото: ашық дереккөзден

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты ретінде «5-10-20» пилоттық жобасын іске қосады. Бұл туралы ТҮҚЖБ баспасөз қызметі хабарлады.

Банк хабарлағандай, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағытын әзірлеуді бастап кетті. Жаңа пилоттық жоба 5-10-20 шарты бойынша тұрғын үй сатып алу үшін азаматтарды несиелендіруді қарастырады:

  • несие мөлшерлемесі 5%;
  • бастапқы жарна 10%-дан бастап;
  • несиелендіру мерзімі – 20 жылға дейін.

«5-10-20» пилоттық жобасына тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады.

11 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй кезегінде тұрғандар үшін «7-20-25» бағдарламасына ұқсас «5-10-20» атты жаңа жоба жүзеге асатынын мәлімдеді.

12 мамырда «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова «5-10-20» жаңа тұрғын үй бағдарламасының негізгі шарттарын айтты.

Серіктес жаңалықтары