Ерекше көрініс - Алматыда алып денелі батырлар референдумда дауыс берді

Темірхан Айжан

Олар қала халқына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады 

Ерекше көрініс - Алматыда алып денелі батырлар референдумда дауыс берді
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Мегаполистің №173 мектеп-лицейінде орналасқан №585 сайлау учаскесінде алматылықтарды тау тұлғалы азаматтар қарсы алды. Акцияны ұйымдастырушылар келгендерге көшпенділер әлемін, Ұлы дала рухын сезіндіргісі келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз референдум  болатын  маңызды күнге назар аударғымыз келді. Меніңше, әрбір қазақстандық өз мемлекетінің болашағы туралы ойлануы тиіс. Сондықтан бүгінде әркімнің өз пікірін білдіруі  өте маңызды. Мен өзім дауыс бердім, туған жерімнің болашағына ерекше мән беремін» - деді батырлардың бірі Самат Шамрат.

Сайлаушылар үшін учаскеде алыптарды кездестіру өте жағымды тосынсый болды. «Сіз күн сайын  мұндай ержүрек  батырларды көре алмайсыз, олар кітап беттерінен шыққан кейіпкерлер сияқты» деп атап өтті қала тұрғындары.

«Бұл өте ерекше! Көңіл - күйді бірден көтерді. Референдум - бұл әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды күн және ұйымдастырушылардың оны ұмытылмас күн етуге тырысқаны қуантады!», - деді әсерін бөліскен қала тұрғыны Зульфия Алтынбекова.

Бүгін Қазақстанда АЭС салу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Дауыс беруге арналған 10 323 учаске, оның ішінде әлемнің 59 еліндегі шетелдік мекемелер жанынан ашылған 74 учаске жұмыс істеуде. Дауыс беру тізіміне дауыс беруге құқығы бар 12 млн 244 мың 683 азамат енгізілді. Референдумды 30 шет мемлекеттен және 4 халықаралық ұйымнан 177 бақылаушы бақылайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.