Асхат Аймағамбетов отбасымен бірге референдумда дауыс берді

Аягөз Құрмаш

Ол 5 жасар ұлына дауыс беру мәдениетін көрсетті

Асхат Аймағамбетов отбасымен бірге референдумда дауыс берді
Фото: https://www.instagram.com/aimagambetov/

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов отбасымен бірге референдумға қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Отбасымызбен референдумға қатыстық. Мен үшін бес жасар ұлыма дауыс берудің қалай өтетінін көрсету маңызды еді. Оның біздің әрбір қадамымызға деген балалық қызығушылығы мен ынтасы ойландырды: болашақ – біз бүгін не үшін дауыс беріп жатқанымызға ғана байланысты емес, балаларымызды осы процесске қалай баулитынымызда, қандай құндылықтар беретінімізде. Дауыс беру – жай ғана әрекет емес, бұл жауапкершілік пен қатысу мәдениеті», - деді Аймағамбетов.

Депутат дауыс беру азаматтардың құқығы ғана емес, күші екенін еске салды.

«Біз қатысу мәдениетін, саяси мәдениетті дамыту туралы жиі айтамыз, ал саяси мәдениет дәл осындай референдумдар арқылы қалыптасады. Дауысқа шығарылған сұрақпен келісу-келіспеуімізге қарамастан, біздің қатысуымыз, дауыс беру учаскесіне барып, дауыс беруіміз – бұл тек біздің құқығымыз ғана емес, ол біздің күшіміз екенін түсінгеніміз абзал», - дейді ол.

Еске салсақ, таңғы сағат 10:00-дегі жағдай бойынша, елдегі азаматтардың 17,79 пайызы дауыс беріп үлгерген. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.