Референдум: сағат 10:00-дегі жағдай бойынша неше адам дауыс бергені белгілі болды
Тізімдегі азаматтардың 17,79 пайызы дауыс беріп үлгерді

Орталық референдум комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман референдумға қатысушылардың алғашқы есебін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі азаматтардың келу көрсеткіші мынадай:
-Абай облысы – 15,36%
-Ақмола облысы – 17,18%
-Ақтөбе облысы – 19,21%
-Алматы облысы – 16,31%
-Атырау облысы – 17,11%
-БҚО – 16,43%
-Жамбыл облысы – 16,19%
-Жетісу облысы – 18,08%
-Қарағанды облысы – 30,63%
-Қызылорда облысы – 20,91%
-Маңғыстау облысы – 16,45%
-Павлодар облысы – 14,04%
-СҚО – 15,83%
-Түркістан облысы – 18:56%
-Ұлытау облысы – 17,40%
-ШҚО – 17,85%
-Астана – 24,.08%
-Алматы – 8,66%
-Шымкент – 19,56%
«10:00-дегі жағдай бойынша 2,1 млн азаматы бюллетень алған болатын. Бұлл тізімге енген азаматтың 17,79 пайызын құрап отыр. Азаматтардың уақытша болатын жерлерінде 107 учаскесінде дауыс беру аяқталды», - деді Мұхтар Ерман.