Алматыда су арнасы жүйесіндегі еңбек династциясының өкілдері дауыс берді

Azattyq Rýhy

Отбасындағы барлық қызметкердің еңбек өтілін қосса, 106 жылға жетеді 

Алматыда су арнасы жүйесіндегі еңбек династциясының өкілдері дауыс берді
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда №45 жалпы білім беретін мектепте орналасқан  №237 референдум учаскесінде су арнасы жүйесінде жұмыс істейтін еңбек әулеті – Коротуновтар отбасы дауыс берді. Алматының сумен жабдықтау және су бұру жүйесіндегі олардың жалпы жұмыс өтілі бір ғасырдан асады және 106 жыл, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұндай династиялар кез-келген кәсіпорынның мақтанышы екені белгілі. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, су саласындағы жұмыстың қиындығына қарамастан, сала мамандары мегаполисті сапалы сумен қамтамасыз етеді, өз тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп келеді.

Осындай отбасылардың бірі – Коротуновтар әулеті. Еңбек әулетінің негізін Александр Николаевич пен оның жұбайы Мария Ивановна қалаған.

«Александр Николаевич 1976 жылдан 2005 жылға дейін су өткізу құрылыстарының операторы болып жұмыс істеді, ал, Мария Ивановна инженер ретінде қаламыздың су бұру жүйесін дамытудың бастауында тұрды және 1974 жылдан 1989 жылға дейін кәріз тазарту құрылыстарында жұмыс істеді. Ата-анасының жолын қуған  Анатолий мен Алексей Коротуновтар да осы салада жұмыс істеп келеді. Анатолий Александрович 1989 жылдан бастап су құбыры-кәріз кешенінде жұмыс істеп, әртүрлі лауазымдарды атқарып жүр, ал, қазір кәріз тазарту құрылыстарының бас технологы болып жұмыс істейді. Ал, Алексей Александрович еңбек жолын 1993 жылы су арнасында бастаған, ал қазір «Алматы Су» МКК су құбыры желілері департаментінің өндірістік-техникалық бөлімін басқарады», - деп хабарлайды қала әкімдігі.

Коротуновтардың үшінші буынының өкілі - Степан Алексеевич, 2018 жылдан бастап осы компанияның электрондық картасын сүйемелдеу бөлімінде 2 санатты инженер болып жұмыс істейді.

«Бүгін біз референдум учаскесіне дауыс беру үшін келдік – бұл біздің азаматтық борышымыз. Сумен жабдықтау және кәріз саласында ұзақ жылдар бойы жұмыс істей отырып, біз еліміздің тұрақты дамуы үшін электр энергетикасы қандай маңызды екенін түсінеміз», – деді Алексей Александрович отбасының атынан пікір білдіре отырып.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейінде №388 референдум учаскесіне келіп, алғашқылардың бірі болып дауыс берген болатын. Қаладағы сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.