$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.05.2020, 17:34
Қоғам

Мақтааралдық 152 оқушыны Сарыағаштағы шипажайға демалысқа жіберді

Эвакуацияланған тұрғындардың арасынан 47 зейнеткер сауықтыру-оңалту кешенінде ем-дом қабылдайды

Мақтааралдық 152 оқушыны Сарыағаштағы шипажайға демалысқа жіберді
фото: turkistan.gov.kz

Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен Жеңіс, Нұрлы жол, Жантақсай, Жаңатұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарының дәрігерлік есепте тұрған және көпбалалы отбасыдан шыққан 152 оқушы «Сарыағаш» емдік сауықтыру шипажайына демалысқа аттанды. Бұл игілікті іске Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы ұйытқы болып отыр. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Мақтаарал аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаевтың айтуынша, шипажайға жіберілген оқушылар қашықтан білім алып, еш кедергісіз оқу жылын аяқтап шығады.

152 оқушыдан бөлек, эвакуацияланған тұрғындардың арасынан 47 зейнеткер мен созылмалы ауруы бар бір топ науқас «Біркөлік» сауықтыру-оңалту кешеніне 2 аптаға демалысқа жіберілді.

Айта кетейік, қазіргі таңда топан судан зардап шеккен 5 ауылдың 2624 тұрғыны Атакентте орналасқан 8 эвакуациялық пунктке орналастырылды. Оның ішінде 1598-і ересек, 770-і мектеп оқушылары, 256-сы мектеп жасына жетпеген балалар. Қалғаны ағайын-туыстарының үйінде тұрып жатыр.

Аудандағы су басқан Жеңіс, Нұрлы жол, Жантақсай, Жаңатұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарында бұған дейін 5 мектеп орналасса, бұл білім ұяларында 1820 оқушы дәріс алып келген. Сонымен қатар, 6 балабақша жұмыс істеп келсе, онда 425 бүлдіршін тәрбиеленіпті. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, қазіргі таңда бұл оқушылар мен бүлдіршіндер эвакуациялық орталықтарда қашықтан білім алып жатыр екен.

Серіктес жаңалықтары