Ұстаздар күні мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? – министрлік жауап берді

Аягөз Құрмаш

Гүл сыйлау - мұғалімге алғыс білдірудің нышаны дейді министрлік өкілі 

Ұстаздар күні мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? – министрлік жауап берді
Фото: istockphoto.com

Сенбі, 5 қазан күні Қазақстанда Ұстаздар мерекесі тойланады. Қазір ата-ана мен оқушылар «мұғалімге гүл сыйлауға бола ма?» деген сұрақтың жауабын көп іздейтін болған, өйткені, мемлекеттік қызметші мен әкімдікке қарасты мекеме жұмысшыларына сыйлық беру - пара беруге тең болып кетуі мүмкін. Оқу-ағарту министрлігі мереке қарсаңында өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ұстаздар күні расында ерекше күн, бұл күн педагогтердің біздің өміріміздегі маңызды рөлін тағы бір еске салады. Сондай-ақ бұл дата бізді тәрбиелеп, оқытуға бар күш-жігерін жұмсаған ұстаздарға алғыс білдірудің мүмкіндігі. Гүл сыйлау, жақсы лебіз білдіру - біздің мұғалімдерімізге деген алғыс сезіміміздің белгісі. Мұндай ықылас ұстаз еңбегінің маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, ұрпақтар арасындағы  сыйластық қарым-қатынасты нығайта түседі», - деп жазды оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі. 

Оның айтуынша, ұстазға құрмет көрсету ұрпақтар арасында сақталып келе жатқан дәстүр.

Еске салсақ, 1 қыркүйек күні де министр Ғани Бейсембаев мұғалімдерге гүл беруге қарсы еместігін айтқан еді. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.