Қазақстанда әйелдерден қарағанда ер адамдар көп жоғалатын болып шықты
1 558 ер адам үйінен шығып, сол күйі оралмаған
Қазақстанда қазір 9 415 адам іздестіріліп жатыр, олардың 2 096-сы – хабар-ошарсыз кеткендер. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет осындай статистика жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Із-түссіз жоғалғандардың көбі Алматы қаласында, Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстарында тіркелген.
«Ең көп 30-49 жас аралығындағы ер адамдар (77%) әртүрлі жағдайларда жоғалады. Үйінен шығып, қайта оралмағандар – 1 558, автокөлікпен жоғалғандар - 72, жұмыстан шыққандар – 33 адам», - дейді комитеттегілер.
Бұдан бөлек, елімізде тергеуден және соттан жасырынған 2 184 адам іздеуде жүр. Дені – 31-40 жас аралығындағы ер адамдар. Олардың басым бөлігі – Алматы, Астана және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы мен Қарағанды облыстарында алаяқтық, ұрлық және адам өлтіргені үшін іздеуге салынғандар.
Айта кетері, Қазақстанда іздестіру жұмыстарын ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізеді.