20.09.2024, 15:54
Қоғам
Иманғали Тасмағамбетовтің туған әпкесі өмірден өтті
Нұрсұлу Тасмағамбетова 74 жасында бақилық болды
Фото: Yedilov Online
Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бас хатшысы, Қазақстандағы белгілі саясат және мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетовтің туған әпкесі Нұрсұлу Тасмағамбетова 74 жасында бақилық болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол 1950 жылы 17 қыркүйекте Атырау облысы, Новобогат ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Алматы медициналық институтын педиатрия мамандығы бойынша бітірген.
Нұрсұлу Тасмағамбетова ұзақ жылдар бойы Оңтүстік Қазақстан облысында дәрігер болған, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының үздігі.
Көп оқылған
27.11.2026, 11:35
Бес баланың әкесі: «Атыраулық хакер» жігіт кім және ол не үшін жазаланды
27.11.2026, 09:51
«Атыраулық хакер» атанған жігітке сот үкімі шықты
27.11.2026, 13:54
Екі жасар баласына былапыт сөз айтқызып, видео түсірген ақтөбелік әйелдің үйіне полиция келді