$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.09.2024, 13:45
Қоғам

Көші-қон комитеті үйінде тұрмайтын адамды тіркейтін пәтер иелеріне ескерту жасады

Полиция бұл әрекет заңсыз әрі ол үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескерткен

Көші-қон комитеті үйінде тұрмайтын адамды тіркейтін пәтер иелеріне ескерту жасады
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов Қазақстанда 1 348 пәтер иесі үйлеріне жалпы саны 36 мың адамды тіркеп қойғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол бұндай үйлерді «резеңке пәтерлер» деп атады. Яғни, қағаз жүзінде бір үйде оншақты адам тұратын жағдайлар азаймай тұр дейді ол. 

«Жалпы еліміз бойынша 1 348 резеңке пәтер анықталды, онда 36 мыңға жуық адам тіркелген. Тіркеусіз тұрғаны үшін 200 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қабылданған шаралардың арқасында «резеңке» пәтерлер саны азайып келеді», - дейді ол.

Сөз соңында комитет төрағасы үйінде тұрмайтын адамды тіркеуге алған азаматтарға әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік артылатынын ескертті.

Серіктес жаңалықтары