$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.09.2024, 17:08
Қоғам

Балалар уланған мектептің директоры Асхат Аймағамбетовке қатысты мәлімдеме жасады

Экс-министр де өз телеграм арнасында пост жазған

Балалар уланған мектептің директоры Асхат Аймағамбетовке қатысты мәлімдеме жасады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылының мектеп директоры Тойлыбай Аймағамбетов қазіргі депутат, бұрынғы білім министрі Асхат Аймағамбетовпен туыстық байланысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен, Аймағамбетов Тойлыбай Серікұлы экс-министр Аймағамбетов Асхат Қанатұлымен тума-туыстық, дос-жолдастық қарым-қатынасымыздың жоқтығын мәлімдеймін», - деп жазды Тойлыбай Аймағамбетов БАҚ беттерінде жарық көрген мақалаға қатысты.

Айта кетейік, Маңғыстауда оқушылар уланған мектептен репортаж жазған журналистің материалында жазылғандай, Тойлыбай Аймағамбетов өзін Асхат Аймағамбетовтің туысымын деп таныстырған.

Экс-білім министрі, қазіргі депутат Асхат Аймағамбетовтің өзі бұл адамды мүлде танымаймын дейді.

«Тегіміз бірдей неше адам бар екенбіз, қызық? Олардың бәрін менің туысым деп санасақ,  проблеманың бәріне менің тегімді тіркесек – мәселе басқа қырынан ашыла түседі. Мысалы, бүгін, Маңғыстаудан репортаж жасаған басылым мектеп директорын менің туысым етіп жіберіпті. Бірақ, мен бұндай адам бар екенін бірінші рет естіп тұрмын. Жуырда тағы бір жетекші адамды менің туысым деп санаған, алайда, туыстық қатынасымыз жоқ. Айта кетейін, менің білім саласында басшылық қызметте жұмыс істейтін туыстарым жоқ», - деп жазды Аймағамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қыркүйек күні ауыл мектебіндегі асханадан тамақ ішкен 460 оқушы ауырып, дәрігерге жүгінген. Балалар жаппай уланған соң бұл іс резонанс тудырған. Үкімет тергеуді бақылауына алып, елдегі мектеп асханаларын бір ай ішінде түгел тексере бастаған.

Бесшоқы мектебіндегі асханаға мөр басылып, жабылған.

Серіктес жаңалықтары