Үкімет бір ай ішінде Қазақстандағы бүкіл мектептің асханасын тексереді

Azattyq Rýhy

Маңғыстаудың Бесшоқы ауылында 460 бала уланған соң, үкімет жағдайға назар аударған 

Үкімет бір ай ішінде Қазақстандағы бүкіл мектептің асханасын тексереді
Фото: freepik.com

Премьер-министр Олжас Бектенов Мұнайлы ауданының Бесшоқы ауылында 460 бала астан уланған соң, денсаулық сақтау, оқу-ағарту министрлерін және Маңғыстау облысының әкімін тыңдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астан ұшынған 460 оқушы дәрігердің бақылауында, 81 бала ауруханада жатыр. Екі оқушы жансақтау бөлімінде. Оқиға орнына оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері барған.  

«Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша бір ай ішінде республикадағы барлық мектептердің асханаларында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүреді. Балалар уланған №8 мектепте тергеу басталған. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады», - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.