$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстау облысында уланған оқушылар саны 140-тан асты

Оның ішінде 82 оқушы емханада емделіп жүр

Маңғыстау облысында уланған оқушылар саны 140-тан асты
Фото: Lada.kz

Маңғыстау облысында уланған мектеп оқушыларының саны 140-тан асты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бесшоқы ауылында оқушылардың жаппай улану оқиғасы тіркелді. Соңғы мәліметтер бойынша, 141 бала медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 82 оқушы емханада емделуде, 43-і – үйде дәрігерлердің бақылауында, ал 16 бала ауруханаға жатқызылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы барлық қажетті дәрі-дәрмектер мен төсек-орын жабдықтары жеткілікті мөлшерде бар екенін хабарлады. Жедел жәрдем бригадалары халыққа шұғыл көмек көрсету үшін толық құрамда жұмысын жалғастыруда.

Айта кетейік, оқиғаға қатысты Денсаулық сақтау министрлігі пікір білдіріп, қажетті көмектің бәрі көрсетілетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары