09.09.2024, 13:02
Қоғам
Маңғыстауда оқушылар уланған асхана жабылды: қылмыстық іс қозғалды
Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады
Фото: freepik.com
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Бесшоқы ауылындағы мектеп асханасына мөр басылып, жабылды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, ауылға балалардың құқығын қорғау жөніндегі комитеттің қызметкерлері барған. Жалпы, 460 бала дәрігерге жүгініп, 377 оқушы үйінде емделген. 83 бала ауруханаға түссе, реанимациядағы екі бала бүгін палатаға ауысқан.
«Мектеп асханасы мөр басылып, жабылды. Бүгіннен бастап оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша бүкіл облыстағы мектеп асханаларына мониторинг жүреді», - деп хабарлады министрлік.
Бұған дейін хабарлағынымыздай, үкімет мектептегі тергеуді өз бақылауына алған.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 13:30
Астана – Арқалық: бүгін президенттің тапсырмасымен ішкі әуе рейстерінің жаңа бағыты іске қосылды
22.08.2026, 12:06
Қостанайда салық мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды