$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.09.2024, 11:03
Қоғам

Тағы бір министр Air Astana мен Бибігүл Төлегеноваға қатысты пікір білдірді

Арман Шаққалиев әріптесі Аида Балаеваның сөздерін құптады

Тағы бір министр Air Astana мен Бибігүл Төлегеноваға қатысты пікір білдірді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Бүгін сенет кулуарында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев арбаға таңылған халық әртісі Бибігүл Төлегенованы ұшаққа мінгізбей, кідірткен Air Astana компаниясына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен бұл істе әріптесім Аида Балаеваның сөзіне толық қосыламын. Ол кісінің айтқаны өте дұрыс. Әрине, ереже бар екені белгілі, бірақ бұл мәселеде этиканы ұмытпау керек», - деді Шаққалиев.

Естеріңізге сала кетейік, Халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға Air Astana қызметкері дөрекі сөйлеп, бортқа кіргізбей, тұрып алған. Компанияның қызметкері 95 жастағы денсаулығы сыр берген атақты әншіні тани тұра міз бақпаған. Кешке жақын мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Air Astana компаниясының Бибігүл Төлегеноваға жасаған әрекетіне қатысты пікір білдіріп, « әуе компаниясы мен оның қызметкерлері ішкі нұсқаулықтардан бөлек, қарапайым этиканы, адами қарым-қатынасты сақтап, өз клиенттеріне құрметпен қарауы керек» деген еді.

Серіктес жаңалықтары