$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда білім беру мекемелеріне 100 млн теңге айыппұл салынды

1,5 мың лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Қарағандыда білім беру мекемелеріне 100 млн теңге айыппұл салынды
Фото: freepik.com

Қарағанды облысындағы білім беру мекемелерінде 3 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс прокуроры Бауыржан Мырзакеровтің төрағалығымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты алқа отырысы өтті.

Тексерулердің нәтижелері бойынша 400 қадағалау актісі енгізілді, 1,5 мың лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, жалпы сомасы 100 миллион теңге айыппұл салынды.

«117 мың баланың құқықтары қорғалып, 4 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 1 іс бойынша үкім шығарылды, қалғандары бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады прокуратура.

Алқа уәкілетті органдардың өз функцияларын орындауына мемлекеттік бақылауды күшейту және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілдерін әзірлеу міндетін белгіледі.

Серіктес жаңалықтары