$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.08.2024, 11:20
Қоғам

Павлодарда 13 сәби анасының омырауына тұншығып өлген

Жыл басынан бері 4 сәбиді анасы емізіп жатып өлтіріп алған

Павлодарда 13 сәби анасының омырауына тұншығып өлген
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында туғанына 28 күн болған сәбиді емізіп жатып ұйықтап кеткен анасы омырауына тұншықтырып өлтіріп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Сайтқа сұхбат берген Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігері Жұлдыз Шахитдинова адам шошырлық фактілерді атаған.

«Анасы түнде емізіп жатып ұйықтап кеткен. Баланың туғанына 28 күн болған. Былтыр осындай бір жасқа толмаған 13 бала осындай жағдайдан көз жұмған. Биыл төрт бала, өткен аптада қатарынан екі бала анасының омырауына тұншығып көз жұмды», - деп жазады Жұлдыз Шахитдинованың сөзін сайт.

Дәрігер осы ретте аналарға ақыл-кеңесін айтып, баланы емізіп болған соң оны бөлек төсекке жатқызған дұрыс дейді.

Серіктес жаңалықтары