Ферроқорытпа зауытындағы 4 жұмысшының өлімі: жұмыс берушінің кінәсі дәлелденді
Арнайы комиссияның шешімі шықты
4 жұмысшының өліміне себеп болған 20 шілдедегі Қарағанды қаласында орналасқан «YDD Corporation» ЖШС ферроқорытпа зауытындағы жазатайым оқиға үшін негізгі кінә жұмыс берушіде екені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Комиссия мүшелері техникалық құжаттаманы, оқиға болған жерді тексеру нәтижелерін, куәгерлердің сауалнамаларын, сараптама ұйымының қорытындысын, нормативтік құжаттар мен басқа да материалдарды зерделегеннен кейін осындай қорытындыға келді.
«Кәсіпорында травматикалық факторлардың әсерін болдырмау үшін шұғыл шаралар тиісті дәрежеде қабылданбаған, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің ережелерді, нұсқаулықтарды және технологиялық тәртіпті сақтауын бақылау элементтері тиісті дәрежеде жасалмағаны анықталды», - деп хабарлады комиссия.
Комиссия мүшелері зардап шеккендермен және олардың отбасы мүшелерімен кездесті.
Арнайы комиссияның тергеу нәтижелері және жиналған барлық материалдар болған жазатайым оқиғаға кінәлі деп танылған адамдарды жауапқа тарту үшін құқық қорғау органдарына беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 20 шілдесінде Қарағанды қаласында «YDD Corporation» ферроқорытпа зауытында өндірісте жазатайым оқиға орын алып, салдарынан 8 жұмысшы зардап шекті, олардың төртеуі қаза тапты.