$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Директорды да, оның артында тұрғанды да тексереміз»: Сатыбалды мектептегі жемқорлық туралы айтты

Ол білім саласы таза болуы керегін айтты

«Директорды да, оның артында тұрғанды да тексереміз»: Сатыбалды мектептегі жемқорлық туралы айтты
Фото: Түркістан облысының әкімі

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды білім беру басшылары мен мектеп директорларына ескерту жасады,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мұғалімдерді жұмысқа алу кезінде ақша сұрайды деген ақпаратты да естідім. Ол бойынша мен директорды да, директордың артында тұрған адамды да, сіздерден сұрап жүріп, ертең оларды тапсыртып тұрып тексерткіземіз. Бізде білім саласы таза болуы керек. Президентіміз «Жайлы мектеп» бағдарламасын салу бойынша бастама жасады. Оған қыруар қаржы бөлінді. Мына жақта осындай әрекет жасалып жатса, балаларымыз қалай өседі? Келешекте не болады?», - дейді Сатыбалды.

Видео облыс әкімінің Келес ауданының тұрғындарымен кездесуінде түсірілген.

Осыған дейін ауыл педагогтерінің республикалық форумында жас мұғалім жұмысқа тұру үшін 1,2 – 2 млн теңге қаражат сұрайтынын айтқан еді. Ол Жамбыл облысында орын үшін ақша бере алмағанынан Ақмола облысында жұмыс істеп жүргенін айтты. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жемқорлықпен күрес әр азаматтық мінджеті екенін жеткізіп, мұғалімдердің жұмысқа орналасуға қатысты жағдайды қарастыратынын айтты.

 

Серіктес жаңалықтары