15.08.2024, 02:00
Қоғам
Балқашта жылыту маусымы басталғанға дейін бірқатар ауданда ыстық су болмайды
Бұл Қадыржанов көшесіндегі жылу құбырларын ауыстырумен байланысты
Фото: istockphoto.com
2024-2025 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстары аясында Қадыржанов көшесіндегі негізгі магистралды жылу құбырларын ауыстыру жоспарланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Осыған байланысты 2024 жылдың 14 тамызынан бастап жылыту маусымы басталғанға дейін бірқатар мекенжайларда ыстық су беру жүйесі толығымен тоқтатылады.
Ыстық су келесі аудандар мен мекемелерде өшіріледі:
- Жидебай батыра ықшамауданы
- Сәбитова ықшамауданы
- Мухамеджанов ықшамауданы (27, 28, 29, 30, 34, 35, 32 үйлер, Меркурий дүкені)
- Щербаков көшесі
- Ағыбай батыр, 8 наурыз, Жамбыл, Ынтымақ көшелеріндегі жеке тұрғын үйлер
- Шашубай Қошқарбаев (6, 7, 7а, 9, 11, 23, 24, 25 үйлер, Планета дүкені)
- Балабақшалар: Айгөлек
- 16 және 17 мектептер
- Оқушылар сарайы
- Прокуратура
- Гүлдер емханасы
- Салтанат дүкені
- ГАИ, Рүстем кафесі
- Ақерке мейрамханасы
- Ілияс кафесі және Айзере рестораны
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды