Ақмола облысында ер адам кәмелетке толмаған баланың мотоциклін алдап алып, оны сатып жіберген

Azattyq Rýhy

Күдікті Степногорск қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты

Ақмола облысында ер адам кәмелетке толмаған баланың мотоциклін алдап алып, оны сатып жіберген
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Степногорск қаласы Полиция басқармасына алаяқтық фактісі туралы жергілікті тұрғынның өтініші келіп түсті. Әйел 29 шілдеде өзінің 16 жасар ұлына тиесілі «Yaqi» мотоциклін белгісіз ер адам алдау арқылы иемденгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Залал сомасы 200 мың теңгені құрады.

Өтініш беруші ұлына қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден кем мотоцикл сатып алғаны алдын-ала анықталды, осы мотоциклмен 16 жасар жасөспірім қалада серуендеуге шыққан.

Көшелердің бірінде жасөспірім ер кісімен танысқан, ол баланың сеніміне кіріп, көлік құралымен жүріп көруді өтінген.

«Қайтып келгенде, қаскүнем кәмелетке толмағанды мотоциклдің бұзылуына сендірген және оны жөндеуге көмектесуге уәде берген. Жөндеуге рұқсат алғаннан кейін, күдікті бөтеннің көлік құралын ТҚС-ға апарған, онда ол мотоциклді сатып жіберген. Полиция басқармасы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол бұған дейін ҚР ҚК 190 - бабы 3-бөлігі, 191-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған Степногорск қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.