15.08.2024, 07:27
Қоғам
Түркістан облысында жалған жиһаз жасаушы 4 миллион теңгеге алаяқтық жасаған
Күдіктінің осындай тағы да жеті алаяқтық әрекеті анықталды
Түркістан облысының Шардара қаласында полиция қызметкерлері алаяқтық ісіне қатысы бар 37 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу барысында ер адамның жиһаз жасаймын деп, жеті тұрғынды алдағаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жәбірленушілердің бірі жиһаз жасатпақшы болып, жарнамалық сайт арқылы бейтаныс ер адаммен байланысқан.
Күдіктімен келісімшарт жасасып, алдын ала 600 000 теңге алған алаяқ, кейін сатып алушымен байланысын үзіп, уәдесін орындамаған.
«Күдіктінің осындай тағы да жеті алаяқтық әрекеті анықталып, жалпы келтірілген шығын көлемі 4 миллион теңгені құрады. Қазіргі уақытта күдіктінің ісі сотқа жіберілді», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды