«Әблязовтың тапсырмасымен банкирді өлтірген»: Тоқмәди мерзімінен бұрын түрмеден шығады
Ол 2018 жылы 10,5 жылға бас бостандығынан айырылған
Банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди жақында бостандыққа шығады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол 2018 жылы наурызда банкир Тәтішевті өлтіргені үшін 10,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол бұл қылмысты жасағанын өзі мойындаған. 2017 жылы Мұратхан Тоқмәди 2004 жылы Тәтішевтің өлімі жазатайым оқиға емес екенін, қылмысты Мұхтар Әблязовтың өтініші бойынша жасағанын, тапсырыспен орындағанын мойындады.
Сонымен қатар, бопсалағаны және қару сақтағаны үшін кінәлі деп табылды.
Енді, арада 6,5 жыл өткенде ол түрмеден босатылады. Ақпарат сотта расталды.
«Қонаев қаласы сотының 2024 жылғы 26 шілдедегі қаулысымен М. Тоқмәдидің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылды», - деп хабарлады Алматы облысының соты.