Жыл басынан бері Қазақстанда 184 мың сәби дүниеге келді
Ұлттық статистика бюросы соңғы деректерді жариялады
1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны – 20 159 707 адам. Соңғы 6 айда халықтың жалпы өсімі 125,8 мың адамды құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
- Дүниеге келген бала саны – 184,7 мың сәби
- Қайтыс болғандар саны – 66,1 мың адам
Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға 24,80 адам), Түркістан (24,78) облыстарында және Шымкент қаласында (23,55) байқалды.
Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,77), Шығыс Қазақстан (11,36) және Қостанай облыстарында (10,16) тіркелді, бұл – аталған аймақ халқының жас ерекшелігімен байланысты жағдай.
Елге:
- Тұрақты тұруға келгендер – 14,2 мың адам
- Шетелге көшкендер – 6,9 мың адам
- Көші-қон сальдосы – 7,2 мың адам
«Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болған. Достастық елдерінен келгендердің үлесі – 78,2%, ал сонда кеткендердің үлесі – 77%», - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.