Мемлекетке 400 миллион теңге залал келтірген тұрғынға іздеу жарияланды
Бойко Михаил корпоративтік табыс салығын төлемей, жасырынған
ҚР азаматы Бойко Михаил Адамовичке (1963 жылғы 25 маусым туған) іздеу жарияланды. Ол қылмыс жасады деген күдікке ілінде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің хабарлауынша, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабы 3-бөлігі (салық төлеуден жалтару) және 218-бабы 3-бөлігі (қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру) бойынша қылмыс жасады деп күдіктелуде.
«Михаил Бойко балық өнімдерін экспорттайтын кәсіпорындардан корпоративтік табыс салығын төлемей, мемлекетке 400 миллионнан астам теңге залал келтірген.
Егер сіз іздестіріліп жатқан азаматтың қайда екені туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, бізге хабарлауыңызды сұраймыз», - деп жазды ҚМА.
Хабарласуға болатын нөмірлер:
+7-701-218-05-23, +7-701-121-47-65, -7-7272 - 79-29-56.
Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі.