Тоқаев Орталық Азия және Кавказ елдерінің жастарын елге шақырды

Молдатай Сымбат

Орталық Азия елдерінен 9 мың студент Қазақстанда білім алып жүр 

Тоқаев Орталық Азия және Кавказ елдерінің жастарын елге шақырды
Фото: istockphoto.com

Қазіргі уақытта Орталық Азияда бірыңғай жоғары білім кеңістігі қалыптасуда. Қазақстанда ОА елдерінен келген 9 мыңға жуық студент білім алып жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Білім беру, ғылым, мәдениет және адами капиталды дамыту салаларындағы бесжақты ынтымақтастықты кеңейтуді Қазақстан әрдайым құптайды, деді президент.  

«Бүгінде Қазақстанда аймақтағы елдерден келген 9 мыңға жуық студент білім алады. Біз Орталық Азия жастарының елімізде жоғары білім алуға ұмтылысын бағалаймыз. Осы күні еліміз АҚШ, Еуропа, Қытай, Ресей және Оңтүстік Кореяның ондаған танымал университеттерімен стратегиялық серіктестік орнатты. Қазақстанның көптеген аймағында шетелдік оқу орындарының филиалдары жүйелі түрде ашылып, студенттерді белсенді қабылдай бастады. Бұған қоса Қазақстанда зерттеу университеттерінің саны артып, технопарктер мен инженерлік орталықтар іске қосылып жатыр. Біз Орталық Азия және Кавказ елдерінің жастарын осы мүмкіндікті пайдаланып, халықаралық деңгейде сұранысқа ие қос дипломды білім алуға шақырамыз», – деді Мемлекет басшысы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.