Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовті мерейтойымен құттықтады

Жарияланған:
22.10.2019, 15:55

Ол «Қан мен тер», «Соңғы парыз» романдарының авторы

Almaty.tv

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовті 95 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, жеделхат жолдады деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Сізді егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан аса көрнекті жазушы, сөз өнерінің патриархы ретінде қадірлейміз. Қазақ қаламгерлері арасынан дараланып шығып, бірегей тұлға дәрежесіне көтерілген Өзіңізді үнемі мақтан етеміз», – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар жазушының «Қан мен тер», «Соңғы парыз» романдары қазақ көркем сөзінің алтын қазынасына еніп, әлем әдебиетінде өзіндік орны бар рухани құндылыққа айналғаны жайында да айтылған. Жазушының жалпыадамзаттық мәселелерді арқау еткен шығармалары арқылы халқымызды бүкіл дүние жүзі танығанына да тоқталған.

«Баршаны алаңдатқан Аралдың ахуалы Сіздің қайталанбас туындыларыңызда көрініс тапты. Ел мүддесін жаһандық деңгейге жеткізіп, оқырманның шексіз ықыласына бөленіп келесіз»,– деп жазды Мемлекет басшысы.

Президент мерейтой иесіне «Жазушылық жолыңыз, ғибратты ғұмырыңыз жалғаса берсін! Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін» деген ықыласын білдірді.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
Ақтөбеде «хиджаб дауына» байланысты қанша оқушы мектепке бармай жүр?
«Жұмыс істеп, табыс табуға үйретіп жатырмыз»: Оразалин Ақтөбе облысындағы жат ағымның жетегіне ергендер туралы
Шымкенттегі 16 шағынауданда мектеп жоқ: әкімдік мәселені инвесторлар арқылы шешпекші

Сұхбат
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов
Бүгінде Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақтардың саны артып келеді. Күнкөріс қамымен шетел асып барғандардың көпшілігі визасыз жұмыс істеп жүр.