Оңтүстік Қазақстанда жайылым жер алу үшін пара береді
Бәйдібек ауданының жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы пара алды деген күдікке ілікті
Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Бәйдібек ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» сектор меңгерушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Шенуенік «Жер қатынастары бөлімі» басшысы лауазымын атқарған кезде сыбайлас жемқорлыққа барды деп айыпталып отыр.
«Аталған лауазымды тұлға 2019 жылдың қыркүйек айында жайылым үшін жер учаскесін бөлгені үшін азаматтан бұрын алынған 400 мың теңге мөлшерінде параны қайтару кезінде әшкереленген», - дейді агенттік.
Күдіктінің және оның қорғаушысының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу жүргізу туралы өтінішхатына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.