ШұғылҚазақстанда коронавирус симптомы жоқ науқастар саны 1 мыңнан асты

Прокурор Сирияда соғысқан қазақстандықтардың жантүршігерлік әрекеттерін айтты

Отандастарымыз мәйіттердің жанында фотоға түсіп, оны интернет арқылы таратқан

Нұр-Сұлтанда Сириядағы соғысқа қатысқан қазақстандықтардың соты жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыста мемлекеттік айыптаушы Таяу Шығыста отандастарымыз тарапынан жасалған жантүршігерлік жайттар туралы айтты.

Прокурордың айтуынша, сотталып жатқан күдіктілердің бірі адамның кесілген басына аяғын қойып фотоға түскен.

«Сирия қалаларындағы қарулы қақтығыстардың бірінен кейін ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) мүшелері жеңіліп, кейін олар 4 адамның басын кесіп алған. Адам бастарын олар жергілікті тұрғындарды үрейде ұстау үшін 1 апта бойы көшелерге ілген. Террористік топтың мүшесі Жансеңгіров адам басына аяғын қойып, қолына қару алып фотоға түскен. Кейін бұл фотосурет интернетте тарап кетті», - деді айыптаушы Мұрат Еділ.

Оның айтуынша, аталған фотоматериалға сараптама жүргізіліп, суреттегі адамның Жансеңгіров екені дәлелденген.

Ғазинұр Бақытжанов пен Аманжол Жансеңгіров ДАИШ мүшесі болған. Олар соғыс операцияларынан кейінгі жеңістерін видеокамераға түсірумен айналысыпты. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру), 256-бабы (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) және 313-бабымен (Қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату) іс қозғалған.

Еске салайық, жақында Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Жусан» операциясы аясында Қазақстанға Сириядан 595 қазақстандық азаматты қайтарған. Оның 400-і балалар. Сыртқы істер министрлігі күрделі операцияға бірнеше ел көмектескенін, оның ішінде АҚШ та барын айтқан. Бұған дейін 10 ер және 5 әйел адам Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ ұйымына қатысы бар деген айыппен сотталып кетті.

‡àãðóçêà...
Сұхбат
Чжан Сяо ҚХР мен АҚШ байланысының суып кетуіне кімдердің қатысы барын айтты
«Болашақ» президенті стипендия талаптарындағы өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндірді
Бүгінге дейін ауылға көшу акциясына 4000 адамнан өтініш түcкен