$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жеке өмір салты айыпталмайды»: елордада ЛГБТ-ны насихаттауға қатысты петиция талқыланып жатыр

Жұмыс тобында 45 адам бар

«Жеке өмір салты айыпталмайды»: елордада ЛГБТ-ны насихаттауға қатысты петиция талқыланып жатыр
Фото: istockphoto.com

«Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға қарсымыз!» петициясы бойынша шешім жобасына жария талқылау болып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отырысты жүргізген мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова 50 мың азамат аталған петицияға қол қойғанын атап өтті.

«Петиция 10 маусымда қабылданды. Заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес қаралып жатыр. Жұмыс тобының құрамына парламент депутатары, петиция авторы мен қоғамдық ұйым өкілдерін қосқанда, барлығы 45 адам кірді. 10 шілдеде болған отырыста бірқатар тараптың сұрағы тыңдалды», - деді ол.

Құрманова талқылаудың ережесін түсіндіріп берді.

«Жеке тұлғалардың өмір салты мен жеке қызығушылықтары талқыланбайды және айыпталмайды. Адамның жеке қасиетері, тұлғаны қорлайтын сөздерді айтуға болмайды», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ЛГБТ #петиция