$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.08.2024, 14:59
Қоғам

Нұртас Адамбайды Жеңіс Қасымбектің шенеуніктері сотқа берген

Дін істері басқармасы актердің үстінен Құранның аудармасын жазғаны үшін арыз жазған

Нұртас Адамбайды Жеңіс Қасымбектің шенеуніктері сотқа берген
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Актер Нұртас Адамбай оны кім және не үшін сотқа бергенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Астананың Дін істері жөніндегі басқармасы  instagram-дағы парақшамда қасиетті Құранның аудармасын жазғаным үшін мені сотқа берді. Шынымды айтсам, мен біздің елімізде Құранның аудармасын жазуға болмайды деген тыйым бар екенін білмейді екенмін», - деп жазды Нұртас Адамбай.

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасын қазір Қайролла Көшқалиев басқарып отыр. 

Айта кетейік, оның соты бүгін өту керек еді. Алайда, белгісіз себептерге байланысты сот кейінге шегерілген. Ол Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 490-бабы, 1-бөлігі, 4-тармағы бойынша, яғни «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы» бұзғаны үшін айыпталған.

Серіктес жаңалықтары