01.08.2024, 10:55
Қоғам
Денелерін 75 пайызға дейін күйік шалған: 2 бала санавиациямен Алматыға жеткізілді
Қызылордада жеке тұрғын үйде газ жарылған
Фото: ТЖД
Қызылордада газ жарылысынан зардап шеккен 4 баланың екеуі санавиациямен Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жасөспірімдердің жағдайы әлі ауыр. Денелерін 75 пайызға дейін күйік шалған. Ауыр халдегі жасөспірімдерге енді Алматы қаласындағы балалар және шұғыл медициналық көмек орталығының білікті дәрігерлері ем-дом шараларын жүргізеді. Жағдай Денсаулық сақтау министрінің бақылауында», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Еске салайық, 28 шілдеде Қызылордада газдың жарылуы салдарынан жеке тұрғын үй қирады. Төрт бала зардап шекті.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді